Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Картоп әйел” өзін ешкім жақсы көрмейтінін айтып налыды (фото)

Тәнінде жүздеген ісігі бар әже өзінен ауылдастарының қатты қорқатынын айтты. Арасында оны “Кортоп әйел” деп келеке қылатындары да бар екен.

3B6FC79100000578-0-image-a-105_1481887856368

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Хозинира Бегум туылған кезде үстіңгі ернінде безеуге ұқсас жара болған екен. Уақыт өте келе әлгі жарасы беті мен мойнына қаптап кеткен.

Ол туа салған кезде дәрігер оның бетіндегі жараларды кесіп тастайды. Себебі, олардың кейбіреуі теннис шарындай үлкен болып өсіп кетеді екен. Жесірдің бір ұлы бар. Ауылдастары одан қашады.

“Барлығы ісіктің әсері. Олар тәніңді қатты ауыртады. Кейде қасып тастайтындықтан, олардың беті қанап кетеді. Мен бұл ауырсынуға бұдан артық шыдай алмаймын. Менімен ешкім сөйлеспейді. Кездесіп қалудан да қорқады. Олар мені алыстан көре салысымен айналып өтуге тырысады. Кейде үш жасар немеремнің өзі мені көргенде, қатты айқайлап жылайды. Жаным өлген соң ғана жай табатын секілді”, – дейді Хозинира.

3B6FC41100000578-0-image-m-111_1481887906381

Ісік денесін қатты ауыртатындықтан, ол тырысатын киімдер кимеуге тырысады екен. Мұнымен қатар, жүрген сайын қиналатынын айтады. Ол 16 жасында тұрмысқа шыққан екен. Күйеуі екеуі бір-бірін қатты жақсы көреді. Арада бір жыл өткен соң ұлдары дүниеге келеді.

Оның күйеуі әйелін асырай алмағандықтан, созылмалы күйзеліске түседі. Ақырында емделе алмай қайтыс болады. “Ол кезде менің сырт келбетім айтарлықтай әдемі еді. Ісіктерім дәл мұндай көп емес болатын. Күйеуім мені осы күйімде толықтай қабылдады. Бақытты ғұмыр кештік. Алайда ол 1986 жылы қайтыс болып кетті. Оның миы істен шықты. Ол мені емдетуге ақша таппағандықтан, қатты қиналып кетті. Оның өлімінен кейін мен қатты қиналдым. Себебі, мені одан өзге ешкім қабылдамайтын еді”, – дейді әже.

Ол осы уақытқа дейін көптеген дәрігерлерге қаралған. Алайда оны еш маман емдей алмаған.

Талқылау