"Қартайыпты": Гүлзира Айдарбекова 55 жасын дүркіретіп атап өтті
Хитмен Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековаға жақындары мен достары тосын сый жасап, туған күнімен құттықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/zangaar
Енесін құттықтау үшін екі келіні Астанадан ұшып келді. Отбасы мен ет жақындарын ұйымдастырған тосын сый ауызашар мен туған күн кешіне ұласты. Әлеуметтік желіде отбасылық жиында түскен суреттер тарады. Продюсердің екінші ұлы Аян Меккеде қажылықта жүргендіктен туған күн кешіне қатыса алмады. Желідегілер туған күн иесін құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Отабасылық мерекеде продюсердің үлкен келіні Жұлдыз бен кіші келіні Әйгерім де бой көрсетті. Әйгерім қарапайымдылығымен, байсалдылығымен көпшіліктің көзіне түссе, секіріп билеген Жұлдыздың ерсі қылығы жұртқа жақпай қалды.
“Әйгерім нағыз ақылды келін”, “Әйгерімнің артық қылығы жоқ”, “Жұлдыз сондай шошақай, аздап салмақты болмай ма?!”, “Жұлдыз өзін-өзі ұстай алмай, шашын лақтырып, секеңдеп жүр”, “Жұлдыз тәлпіш болып кеткен”, – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
Оқырмандардың арасында танымал продюсердің қартайғаны айтып, туған күнді жыл да атап өтуге қарсылық білдіргендер де табылды.
Гүлзира Айдарбекова мен Жұлдыздың бірге түскен суретінің астына “Қартайыпты”, “Қартайып қалыпты, уақыт өзінікін алады”, “Бояусыз бір түрлі екен”, “Беті салбырап қалыпты”, – деп пікір қалдырды желідегілер.