"Картада жоқ жер": Желі қолданушысы қонақүйдің жарнамасына қызығып алаяқтарға алданып қала жаздаған
Фото: Іnstagram.com/edelweiss_resort
Алаяқтар Алматыда жоқ қонақүйдің жалған суреттері мен қызметтерін жарнамалап жүр. Әлеуметтік желі қолданушысы жарнамасы жер жарған қонақүйге қызыққандарға алаяқтық туралы ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Лейла есімді желі қолданушысының edelweiss_resort деген парақшадағы қонақүйлерге көзі түскен. Қызметін пайдаланбақ болып, әкімшілігімен сөйлескен.
Әкімші қонақүйді борндау үшін толық төлем жасау керегін айтқан. Ең қызығы, қонақүйдің орналасқан жерін карта арқылы жібергенде ешқандай демалыс орнының жоқ екені анықталған.
Фото: threads.com/@leyla__shhi
Желі қолданушысы алаяқтардың құрығына түсіп қалмас үшін аса мұқият болуға шақырды. Өзгелер де мұндай алаяқтық түрлерінің кең таралғанын айтады.
“Арбауына түспей, басқаларға ескертіп жатырсыз, жарайсыз. Қазір қара тізімге енгіземіз”, “Бірнеше күнге аккаунт ашып, таргет жасап, алдын ала 100 пайыз төлем алып алады. Сөйтіп жоғалып кетеді. Ал мекенжай бойынша ештеңе жоқ”, “Олар жазба астындағы пікірлерді өшіріп тастайды. Тек WhatsApp нөмір қалдырып, атауын жиі өзгертіп отырады”, “Бұл суреттер Украинада түсірілген”, – деп жарыса жазды желідегілер.

"Жұбайының көз алдында болған": БҚО-да оқушы мен әкесін құтқарамын деп суға кеткен мұғалімнің жақыны мән-жайды айтты
