Қарсыласы жалғастырудан бас тартты: Рыбакина Уимблдонның ширек финалына мерзімінен бұрын шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан Уимблдонның ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төртінші раундтық кездесуде Рыбакина бразилиялық Беатрис Хаддад-Маямен (13-ші орын) кездесті.
Кездесу бірінші сетте 4:1 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Бразилиялық жарақатына байланысты ойыннан шығып қалды.
Уимблдонның ширек финалында Рыбакина Онс Ябер (Тунис) - Петра Квитова (Чехия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды. 2023 жылғы Уимблдон әйелдер турнирі 15 шілдеде аяқталады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн