Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарсы тұру мүмкін емес": Депутат ШҚО-дағы су тасқыны туралы айтты

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашынов ШҚО-дағы су тасқынына қатысты жағдайдың алаңдатарлық екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: facebook.com/Ұлықбек Тұмашынов

Бұл туралы депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Міне, елде жүрміз, мен Ерлан Саиров екеуміз бес ауданды аралап өттік. Жағдай алаңдатарлық. Ол – табиғат, қарсы тұру мүмкін емес. Бірақ елдегі азаматтар, бауырлар керемет тасқынға қарсы тұрып, елін, жерін топан суға бермей, бір қолдан жең шығарып, төтеп беріп тұр”, – делінген жазбада. 

Депутаттың айтуынша, тасқын суды бөгемеу үшін облыстық маңызы бар Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар тас жолының бөлігі кесіліп, жолдың келесі бетіне өткізіліп жатыр. 

Депутат облыстағы жағдай тұрақталғанша Шығыс Қазақстанда болатынын атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қазақстанда су тасқынының шарықтау шегі қашан болатынын айтқан еді. 

Талқылау