"Қарныңды ақтарамын": Талғарда көшеде екі ер адам пышақ ұстап, төбелес шығарған (видео)
Талғарда түнде пышақпен адамды қуған, төбелес ұйымдастырғандар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам көшеде төбелес шығарған. Олардың бірінің қолында пышақ болған. Ол "Қарныңды ақтарамын!" деп айғайлаған. Осы кезде бір әйел оларды ажыратуға тырысты.
Талғар ауданының полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды тез арада анықтап, заң аясында қажетті шараларды қабылдайтынын айтты.
"Ауданның 37 және 31 жастағы тұрғындары полицияға жеткізілді. Жанжалға туыстары, әйелдің ағасы мен күйеуі арасындағы жанжал себеп болған. Қазіргі уақытта жанжалдасып жатқан тараптардың бір-біріне қоятын талаптары жоқ, жағдай реттелді", – деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі