Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарызы болған": Алматыдағы мейрамханалардың бірінде атыс ұйымдастырғандар туралы тың ақпарат пайда болды

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде қаскөйлердің атыс ұйымдастырғаны туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Атыстың нәтижесінде екі адам Макаров тапаншасынан оқ жарақатын алды. 

Қақтығыс үстел басында басталған. Алты адам өзара сөзге келіп қалған. Кейбір дереккөздерге сәйкес, қарызға байланысты жанжалдасқан.
Ер адамдар бір-біріне күш қолдана бастады. Төбелес басталып, кенеттен бетперде киген адамдар келіп, оқ жаудырған.

Атыс нәтижесінде бірінің ішіне, екіншісі аяғына оқ тиді. Дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты.

“Біреуінің жағдайы орташа ауыр. Маңдай сүйегінің зақымдануы және жіліншіктің оқ жарақаты байқалды. Жағдайы тұрақты болғандықтан, нейрохирургиялық бөлімге ауыстырылды. Екінші науқас өте ауыр жағдайда болды, іш қуысының оқ жарақаты, ішкі ағзалардың зақымдануы болды. Реанимацияда екі күн болды, қазір жағдай тұрақталды”, – деді ОКҚ директорының орынбасары м.а. Ғалымжан Пірмағамбетов. 

Қауіпсіздік бастығының айтуынша, бәрі төрт минутта болған.

Қызметкерлердің ешқайсысы және басқа қонақтар зардап шеккен жоқ.

“Бұл адамдарды көрмедім, бір ғана жараланған адамды көрдім. Тиісінше, алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылып, ауруханаға жіберілді”, – деді мекеменің қауіпсіздік қызметінің бастығы Мейіржан Өтепов.
Жанжалға қатысушылардың бірі ұсталған.

“Қылмыс орнына Алматы қаласы ПД бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы шықты. Қазіргі уақытта осы қылмысты ашуға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізілуде. Күдіктілердің бірі ұсталды”, – деп мәлімдеді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полицияның айтуынша, қалған қатысушылар міндетті түрде табылып, жауапқа тартылады.

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде бір топ адам атыс шығарғаны айтылды.

Талқылау