Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәріздік тазарту құрылыстарының жай-күйі - басты назарда

Ақтөбе қаласының кәріздік тазарту қондырғысының тозығы жеткен. Қолданыстағысының тозу деңгейі 80%-ті құрайды. Бұл экология саласындағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. 

Ақтөбеден жағымсыз иістің шығуының бірден-бір себебі де  осы ескі тазарту қондырғыларына байланысты.  Бұл мәселені кешенді түрде шешу бойынша техникалық-экономикалық сараптама негіздемесімен аймақта іс-сапармен  жүрген Үкімет басшысы Әлихан Смайылов танысты. 

Мәселені шешу үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен кәріздік тазарту құрылыстарын салу жөніндегі жобаны іске асыру жұмыстары басталды. Техникалық-экономикалық негіздеме дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.  Өңір басшысы Ералы Тоғжанов, алдын-ала есептеулерге сәйкес, жобаның жалпы құны шамамен – 78 млрд теңгені құрайтынын жеткізді.  

Кәріздік тазарту құрылыстарын салу жобасы ағынды сулардың ластануын айтарлықтай азайтып, суаруға жарамды ағынды сулардың сапасын арттырады, қаланың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартады.

Ағынды суларды тазарту үшін заманауи энергия үнемдейтін технологияларды және жаңа кәріздік тазарту қондырғысын салу қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға да оң әсерін тигізеді.

Үкімет басшысы тиісті мемлекеттік органдарға жобаларды әзірлеуді жеделдетіп, ерекше бақылауда ұстауды және оларды жүзеге асыруға қатысты барлық мәселелерді тез арада шешуді тапсырды. 

Талқылау