"Қарыздарымыз бар": Түркістан облысында көп балалы аналар әлеуметтік көмектің уақытылы түспегеніне наразылық білдірді
Түркістан облысы Ордабасы ауданында көп балалы аналар АӘК есептеудегі үзілістерге шағымданды. Сөздерінше, шенеуніктер наурыздың басында төлейміз деген әлеуметтік көмекті әлі бермеген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” ақпарат агенттігі.
Тұрғындар қаржының уақытылы төлеуін талап етіп, әкімдікке келген.
Әйелдер облыс әкімінің қабылдауына жазылуға бір апта бойы талпынған. Көп балалы отбасылар мен жалғызбасты аналар әлі күнге дейін АӘК алмағандарына шағымданады. Олар салдарынан бірінің несиесі кешігіп, бірінің пәтер ақысын төлеу уақыты келгенін айтты. Ал енді бірі балаларына киім ала алмай отырғанын алға тартты.
“Балаларға көктемгі аяқ киімді қарызға алдық. Ал қазір соны төлеуіміз керек. Күнде хабарласып сұрайды. Күйеуім құрылыста жұмыс істейді. Оның тапқан ақшасы бірден азық-түлікке жұмсалады”, – деді көп балалы ана Жадыра Умарова.
Көп балалы ана Сәуле Тұртаева жалдамалы пәтер ақысын төлеуге қиналып жүргенін айтты.
“Қарыздарымыз бар. Бізге де оларды төлеуге қысым жасалып жатыр. Көпшілігіміз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Бір аптадан бері келе жатырмыз. Бірақ толық ақпарат ала алмай жатырмыз. Әкімге келсең, жағдай мынау. Сыртқа шықпайды, оған жете алмайсың, әйелдердің мәселесін тыңдағысы келмейді. Дәл қазір ол жоқ”, – деді Сәуле Тұртаева.
Әкімдіктегілер заң бойынша АӘК 10 наурызға дейін төленетінін айтты. Шенеуніктер бұл жолы шынымен де тығырыққа тірелгеніндерін жасырмайды.
“Бұл жағдай біршама өзгерістерге байланысты болған шығар. Өткен жылы осындай санаттағы азаматтарға әлеуметтік пакет азық-түлік ретінде берілді. Бірақ биыл көмек қолма-қол төленеді. Сондықтан олардың есептеулеріне қатысты сұрақтар туындады”, – деді Түркістан облысы Ордабасы аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Мұрат Ізтілеу.
Әкімдіктің мәліметінше, тек Түркістан облысының Ордабасы ауданында 1352 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Оларға бөлінген жалпы сома 100 миллион теңгеден асады.
Нәтижесінде көп балалы аналар кейін АӘК түсе бастағанын хабарлады.