Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш айда пайдаға кенелдім: Алматылық азамат лотореяда пәтер ұтып алды

Алматылық Думан есімді азамат ақшасын пайдаға асыру үшін лотереяға қатысуды жөн санаған екен. Бұл оның сәттілікке салған инвестициясына айналып, ақырында азамат пәтер ұтып алды. Ол Stan.kz тілшісімен тілдесіп, лотореяға қатысу туралы ойы өміріндегі ең үздік шешімдердің бірі болғанын сөз етті.


Лотереяға қатысуды үш ай бұрын бастаған Думан билеттерді әрдайым алдын ала сатып алып отыратынын айтады. Ол "Сәтті Жұлдыз" билеттерін оффлайн режимде де, желіде де сатып алады екен. Үш ай тұрақты түрде әрбір тиражға алдын-ала дайындалған. Лотереяға кенеттен қатыспай қалу немесе билет сатып алуды ұмыту деген тіпті болмапты.

"Лотерея билетін алу ақшамды пайдасыз басқа дүниеге құртудан дұрыс деп ойладым. Бастапқыда бірнеше рет шағын көлемде қаржылай сыйлықтар ұтып алдым: 600 теңге, 1200 теңге, 2000 теңге. Бұл әрине аз, бірақ мен үшін маңызды болды. Егер мен аз мөлшерде ұтып алсам, демек, көлемді қаржы ұтып алуға да мүмкіндігім бар деген сөз", - дейді ол.

Бұрын кәсіпкер болған Думан қазір уақытша жұмыс істемейтінін айтады. Кәсіпке байланысты басқа адамдарға берешегі бар екен. Бұл үлкен жеңіс оған осы қиындықтардан шығуға көмек болары анық.

"Елімізде көптеген азамат қиын жағдайға тап болып жатады. Мен де сондай жандардың бірімін. Мынадай бір мысал бар: қиын жағдайға түскен жан жылап отырып, Құдай өзіне көмектеспейді деп шағымданады. Құдай оған жоғарыдан қарап:
"Мен саған көмектесер едім, тек өзің әрекет жаса, тым болмағанда лотерея билетін сатып ал", - дейді. Сол айтқандай мен де қолымнан келетін бір істі жасап көргенді жөн санап, лотерея билетін сатып алып, осы мүмкіндікті пайдаландым", - дейді ол. 

Думан пәтер ұтысына қатысып, билеттер сатып алған. Ұтыстан кейін оған хабарласып, жеңіске жеткенін айтқанда, ол бұл алаяқтар немесе телефонмен біреулер әзілдеп тұрған болар деп ойлаған. Өзі билетті қайта тексеріп, жеңіске жеткеніне көз жеткізгеннен кейін де күмәні болған. Оны "Сәтті Жұлдыз" кеңсесіне ұтысын алуға шақырғанда да, шақырған уақыттан бұрын келіп, толқығаннан кеңсені айналып біраз уақыт жүрген. 

"Сәтті Жұлдыз" менеджерімен тілдесіп, жеңісіне нақты көзі жеткеннен кейін оның алдында таңдау пайда болды. Ұтысты пәтер күйінде немесе ақшалай алу. Думан ақшалай алғанды жөн көрді. Сондықтан ұтыс орнына 20 миллион теңге алады. Айтуынша, қаржымен қарыздарын өтемек.

"Көптеген адамдар ұзақ жылдар бойы лотереяға қатысып, жеңісін күтеді. Мен неліктен үш ай ішінде осындай пайдаға кенелгенімді білмеймін. Сәттілік болар. Сәттілікке сеніп, осындай мүмкіндіктерді неге пайдаланбасқа?" - дейді жеңімпаз.

Думан алдағы уақытта да лотереяға қатыса беретінін жеткізді. Көлік ұтысына қатысып көргісі келеді. Сондай-ақ осы кезге дейін лотереяның шынайылығына сенбей келгеніне өкінеді. Бірақ өмірінің ең қиын кезеңінде ұтысқа кенелгені қатты қуанышты.
Думан да, өзге қазақстандықтар да, сәттілікке сеніп, Haval H6 автомобилін ұтып ала алады. Ол үшін "Сәтті Жұлдыз" билетін алып, Youtube каналдан 30 тамыз күні сағат 22:00де тікелей эфирді көру қажет. Автомобиль ұтуға арналған ЛотоЖиынтық алты билеттен тұрады.

Айта кетейік, тағы бір тамаша жаңалық. 17 шілде күні болған "LOTO 6/49" лотерея тиражында 92 922 700 теңге көлеміндегі джекпот ойнатылды. Ұлттық лотерея өкілдері жеңімпазбен хабарласты. Жақын арада оның хикаясын қазақстандықтарға айтып береді.

Талқылау