Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарыздар мен несиені жауып, той жасаймын": Алматылық азамат күтпеген жерден лотореядан ұтысқа ие болды

27 жастағы алматылық Айбек жаңа жыл қарсаңында Satty Zhuldyz лотореясынан автокөлік ұтып алды. Күтпеген жерден сәттілікке ие болған азамат жеңісіне әлі де сенер емес. Жеңімпаз енді қарыздарынан құтылып, отбасын құруға ниеттенген. 

Ұзақ уақыт бойы ұтысына күмәнмен қараған азамат тіпті құжаттарға қол қою кезінде де бәрін суретке түсіріп алған екен. 

Айбек 3-4 жылдан бері лездік лотореяға қатысып жүрген. Ал бұл жолы оған сатушы әйел пәтер мен көлік ұтысы болып жатқанын хабарлаған. Ол еш ойланбастан LOTO 6/49 билетін сатып алып, нәтижесінде күтпеген жерден жолы болды. 

"Мен ешқашан лотереяда ұтқан емеспін. Көлік ұтқанымды хабарлағанда, түсінбей, есеңгіреп қалдым. Үнемі жұмыспен ештеңеге уақытым жетпейді. Ал сондай қарбаласта жүргенімде осындай керемет жаңалықты естідім. Қазір көлігім жоқ. Әпкемнің көлігін уақытша жүргізіп жүрмін. Ал ұтыстағы сыйлығым туралы әлі ешкімге айтқан жоқпын. Тіпті бірге тұратын ата-анам да әлі білмейді. Себебі алғашында мұны әзіл деп ойладым", – деді жас жігіт.

Алайда Айбек көліктің орнына, ақша алуды ұйғарған. Ал бұл қаражатқа ол барлық несиелері мен қарыздарын жабуды жоспарлауда. Себебі қарыздар көбейіп кеткендіктен, әкесі үнемі уайымдап отырады екен.

"Әкем несиелерді тезірек жауып, қарыздардан құтылуымыз керек екенін айтып, үнемі ұрысып отырады. Енді бұл жаңалық оны қуантатынына сенімдімін. Өзім отбасын  құрғым келеді. Енді осы қаражатқа той жасаймын деп те ойлаймын", – деді азамат. 

Сәттілік серік болған жеңімпаз "Satty Zhuldyz " билеттерін алдағы уақытта да жиі сатып алып, тағы да бақ сынап көретінін жеткізді. Бұған дейін ол лотерея ұтысына сенбесе де, іштей әркез үміті болған екен.

“Міне, енді үмітім ақталды. Бұл өмірде бәрін сынап көру керек. Сеніңіз, тырысыңыз! Барлығы Құдайдың қалауымен болады. Бұл оқиғаның жаңа жыл қарсаңында орын алуының өзі бір ғажайып", – деп қуанышымен бөлісті Айбек.

Талқылау