Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карина Абдулинна өзі іздеген жігітпен көңіл қосты (фото)

Өткен жылдың тамыз айында “Мюзикола” тобының бұрынғы әншісі Карина Абдуллина жағармай бекетінде көз түйістіріп қалған жігітке ессіз ғашық болғанын жазып, жұртты дүрліктірген еді. Әнші ақыры сол жігітті тауып, онымен көңіл жарастырған ұқсайды.

абдуллина-210217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тамыз айында бөліскен жазбасында Абдуллина сол жігіттің көзінен өзі іздеген дүниелерді тапқанын, сол себепті оның хат жазуын күтетінін айтқан еді.

Күні кеше әнші Мальдив аралдарында белгісіз ер азаматпен сүйісіп тұрған суретін жүктеді.

 

“Махаббат әлемді құтқарады”, – деп жазды ол бөліскен суретінің тұсына.

Абдуллина-2-210217

Мұны көрген желі оқырмандары таңырқап қалды. Көпшілік әншінің жанындағы ер адамның кім екенін білгісі келді. Олар Каринаның сүйіктісі әлгі елді шулатқан жағармай бекетіндегі жігіт болуы мүмкін деп топшылады.

“Бақытты болыңыз, Карина”, “Сарқылмас бақыт пен махаббат тілейміз”, “Әлгі жағармай бекетіндегі жігіт пе? Жарасып тұрсыздар”, “Мен де соны сұрамақшы едім”, “Көздеріңіз бақыттан бал-бұл жанып тұр”, “Қандай әдемісіздер, сіз үшін қуаныштымыз”, “Өткенде ғана Royal Petrol-дағы жігітті іздеп жүрген едіңіз”, – деп жазады олар.

Бұл пікірлердің соңғысына әнші былай деп жауап берді: “Сол іздеуімнің нәтижесі осы”.

Иә, демек Карина Абдуллинаның жаңа сүйіктісі көз жанарымен баурап алған жағармайдағы белгісіз жан болып шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Ділназ Ахмадиева: Маңдайыма жазылған сүйіктімді күтіп жүрмін

Мақпал Исабекова шектен шыққан еркелігі үшін халықтан кешірім сұрады

Қуандық Рахым “Болайық бірге” әні өзбектікі” деген сынға жауап берді (видео)

Димаш Құдайбергеновтың әкесі қызметтік мансабын тастады

Талқылау