Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр: Ішкі істер министрлігі сауалға жауап бергісі келмеді

Фото: twitter.com

Қазақстанның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  төрағасы Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр. Сауалға Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сенат кулуарында Санжар Әділов Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр деген сауалға жауап берді. 

“Мәсімов қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазасын өтеп жатыр. Оның қай жерде екенінен туыстары мен адвокаты хабардар”, – Әділов. 

Журналистер вице-министрден оның шынымен жазасын өтеп жатқанын растайтын фото-видео сұрады. Алайда Әділов тағы да оның заң бойынша жазасын өтеп жатқанын айтты. 

“Барлығы да заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жазасын өтейді. Ешкім үшін, жеке адамдар үшін ешқашан бөлек жағдай жасалмайды”, – дейді Әділов. 

Сонымен қатар журналистер вице-министрден оны бөлек, жеке түрмеде отыр ма деп сұрады. Алайда вице-министр жазаның түр түрі бар екенін және олардың өтеудің өз тәртібі енгізілгенін айтты. 

Мән-жайы

Еске салайық, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылған.

10 наурыз күні ҰҚК Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелерін көрсетті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған.

 

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 05 Наурыз, 2026 12:01