Референдумның өтуі үшін сайлаушылардың қаншасы дауыс беруге тиіс – Орталық сайлау комиссиясы түсіндірді

Орталық сайлау комиссиясы 15 наурызда өтетін референдум нәтижесі заңды күшіне енуі үшін қажетті сайлаушылардың қатысу деңгейі мен "қолдаймын" деп дауыс беретіндердің үлесі қанша болу керек екенін Stan.kz ақпарат агенттігіне айтып берді.
"Егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысса, референдум өткiзiлген деп саналады. Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі", – деп пікір білдірді комиссия.
Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру кезінде әр азамат тек жеке өзі және жеке куәлігін көрсету арқылы ғана дауыс бере алатынын айтты.
“Дауыс беру бюллетені сайлаушыға сайлау учаскесінің комиссиясы тарапынан жеке басын куәландыратын құжат негізінде беріледі. Бір адамның орнына басқа біреудің дауыс беруі заңмен жол берілмейді. Мұндай әрекеттер анықталған жағдайда, ол заң бұзушылық болып саналады және жауапкершілікке әкеп соғады", – деп жауап берді Орталық сайлау комиссиясы.
- "30 тамыз мереке мәртебесінен айырылады": Биыл еліміз Конституцияны қай күні атап өтетіні айтылды
-
Тоқаев президенттігі тұсында үшінші рет референдум өтпек: Оның бәріне қанша қаржы жұмсалды?
Еске салайық, бұған дейін Референдум күні тіркелген мекенжайынан тыс жерде болатын азаматтар да дауыс бере алады. Ол үшін 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына өтініш беріп, есептен шығару куәлігін алу қажет. Stan.kz ел өңірлерінде сайлау учаскелерін анықтауға көмектесетін call-орталықтар мен онлайн сервистерді жинақтап шыққан еді.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген