Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарғыс атсын сені!". Таразда жол полициясы көлік жүргізушісін қарғаған

Таразда тәртіп сақшысы көлік жүргізушісін қарғаймын деп басы бәлеге қалды. Ол көлікті не үшін тоқтатқанын сұрап, құжат көрсетуден бас тартқан азаматқа лағынет айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп хабарлайды. 

-Атыңыз кім?

-Нұрлыбек

-Ақ жол! Жортқанда жолың болсын, бауырым! Қарғыс атсын сені!

 Видео әлеуметтік желіге тарап қызу талқыға түскен. Бірі жол сақшысы артық кетті десе, енді бірі тәртіпке бағынбаған көлік жүргізушісін айыптайды. Полицей жарық шамын жақпаған жеңіл көлікті тоқтатып құжатын сұраған. Алайда жүргізуші ереже бұзғанын дәлелдеуін сұрайды, инспектор қызметтік куәлігін көрсетсін дейді.

Екеуі біраз сөз таластырып, соңынды аға лейтенант жүргізушіні қарғап-сілейді. Басына бәле тілден келетінін білмеген сақшының мәселесін енді полиция департаменті қарастырады.

"Инспектордың бейнежетонынан және сырттай бақылау камераларынан бейнежазбаны алу, сондай ақ автокөлік жүргізушісін тауып, одан жауап алу мақсатында жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

 

Талқылау