Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кардиолог жүректің жұмысын баяулататын тағамдар тізімін атады

"Медицина" АҚ (академик Ройтберг клиникасы) врач-кардиологы Денис Соколов жүректің жұмысын баяулататын тағамдардың тізімін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Moslenta басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маман жүрек саулығы үшін ішіп-жейтін тағамға мән беру керектігін айтты. Ол жүректің жұмысын баяулататын тағамдар қатарына маргарин мен оның құрамындағы өнімдерді (печенье, чипсы, пирожныйлар), шұжық пен фастфудты қосты.

"Маргарин қымбат сары майға балама ретінде жасалғандықтан кедейлерге арналған өнім деп бекер айтылмаған. Өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін өндірушілер көбіне осы тектес ойларды басшылыққа алады. Мен шұжық, фастфуд, консервілерде болатын транс майлар туралы айтып отырмын. Бұл өнімдерді диетадан толығымен алып тастай алмайтындар үшін сатыл алар алдын мұқият зерттеп, сапалы өнімдерді тұтынуға тырысу керек. 

Егер шайды печеньемен ішкіңіз келсе оларды өзіңіз пісіргеніңіз жөн. Себебі сапасы сенімді болады. Сондай-ақ ет, сүт, сары май және ірімшік жүрек жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Мұндай тромб үзілсе, ол ыдысты бітеп тастайды - осылайша инсульт дамиды. Содан кейін статистикаға сәйкес пациенттердің тек 30 пайызы толықтай өмір сүру мүмкіндігіне ие болады. Оның үстіне, бұл өнімдерді қолданудың салдарынан денеде висцеральды май жиналады. Ол ішкі ағзаларға, соның ішінде жүрекке түсіп, жұмысын нашарлатады", - деді маман.

Сондай-ақ дененің майларға деген физиологиялық қажеттілігін ескеру қажет. Соколовтың айтуынша ересек ер адамға бойына, салмағына және физикалық белсенділігіне байланысты күніне 70-тен 154 грамға дейін, әйелге - 60-тан 102 грамм май қажет. Балаларда бұл көрсеткіш жасына байланысты және бір жасқа дейінгі нәрестелерде салмағына қарай 5,5-6,6 грамм, ал бір жылдан кейін - күніне 49-97 грамм.

Сондай-ақ дәрігер балалардың ағзасына пайдалы өнім түрлерін атады. 

"Әрине ересек адам өзінің не жейтініне мән беріп, саналы түрде тәуелсіз таңдау жасай алады. Ал балаларға глюкозаны – жеміс-жидектерден және балдан алуға үйреткен дұрыс. Алайда тәтті жеуіне қатаң тыйым салмаңыз. Денеге түсетін тұз мөлшері күніне бес граммнан немесе бір шай қасықтан аспауы керек. Нормадан асып кету артериялық гипертензияның дамуына, жүректің ишемиялық ауруы, инфаркт және инсульт қаупінің жоғарылауына алып келеді.

Сонымен бірге натрий, калий, хлор, фосфор организмге тұздан түседі. Зиянды болдырмаудың ең оңай жолы - кәдімгі ақ тұзды тазартылмаған шикі тұзбен алмастыру. Оның құрамында жүрекке қажетті калий мен магний бар. Сондықтан ол денсаулығыңызға зиянын емес, көмегін тигізеді", - деді Соколов.

Талқылау