Кардашьяннан қай жерім кем: Ләйлә Сұлтанқызы әйгілі “Форбс” тізіміне кіруді жоспарлап отыр
Ләйлә Сұлтанқызы алдағы уақытта әйгілі “Форбс” журналындағы ең ауқатты әйелдер тізіміне кіруді жоспарлап отыр. Ол үшін тележүргізуші Instagram-дағы жарнамадан бастап қолдан келгеннің бәрін жасамақ. Сұлтанқызы әлемге әйгілі Ким Кардашьяннан кем еместігін айтады.
Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Табысқа жету жолын Сұлтанқызы Алматыдан бастауды жөн көріпті.
“Менің келу себебім, осында досым Жан Мұқанов кино түсіріп жатыр «Свадьба кз» деген. Сол жерде кішігірім рөл болды. Алғаш рет полный метрға түсіп жатқаным”, – дейді тележүргізуші.
Тележүргізуші әрі ендігіде актриса атанған Сұлтанқызының кестесі тығыз. Десе де, ол негізгі табыс көзінің Instagram-дағы жарнамадан түсетінін жасырмайды.
“Кейде мысалы біреулер кінәлап жатады, сіз жарнамаға өте қатты мән бересіз деп. Ал, басқаша қалай?! Кешіріңізші, Ким Кардашьянның 20-жасар сіңлісі “Форбсқа” аяқ асты кіріп жатса, мен әлі кірген жоқпын. Менің кіруіме хақым жоқ па?” – дейді Сұлтанқызы.
Ауқатты әйелдер тізіміне кіргісі келетін Ләйлә қолдан келгеннің бәрін жасауға әзір.
“Осы жылдың соңына дейін, Алла бұйыртса дейін, кондитерлік желісін ашамыз. Кодитерлік өнімдер барлығы тек тәтті өнімдер деп қабылдайды. Бірақ соның ішінде, соны жей отырып салмақ қоспау деген бағытында жылжысақ па деп отырмыз”, – дейді Ләйлә.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.