Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарбыздың адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Барлық адам сүйсіне жеп, жаз шыға салысымен сатып алуға асығатын қарбыздың 92 пайызы судан тұрады. Оның адам организмін тазалауда пайдасы орасан екен.

Қарбыздың адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Оның құрамына А, В6, С дәрумен топтары кіреді. Сондай-ақ, антиоксидант және аминокислота секілді пайдалы компоненттер бар. Ыстық күндері қарбыздың маңызы тіптен арта түседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ең жоғарғы деңгейдегі дәрумендердің барлығы қарбызда екен. Әдетте мұндай жағдай тек қызыл көкөністерде, жеміс-жидектерде кездеседі екен. Сонымен қатар, қарбызда ликопин компоненті бар. Оның жүрекке, сүйекке пайдасы өте зор.

Қарбыз шырынының қасиеттері мен қанықтығы оны көптеген ауруларға ем болатын дәмді халықтық дәрі-дәрмек етті. Мысалы, ол атеросклероз, артрит, құяң және қант диабеті сынды ауруларды емдеуде үлкен көмек бола алады. Қан қысымы жоғары адамдарға және цистит, простатит сынды аурулардан зардап шегетін адамдарға қарбыз шырынын жиі ішу ұсынылады.

Қарбыздың дәнінде де құнар бар. Өйткені ол нәрлі заттармен байытылған, ішінде минералды тұз, темір және магний бар.


Тағы оқыңыз: Қауынның пайдасы мен зияны 


Қарбыздың отаны – Африка, дәлірек айтқанда Оңтүстік Африка саналады. Онда бүгінгі күнге дейін бұл өсімдіктің жабайы түрлері ұшырасады. Қарбыздар дәл осы мекеннен әлемнің түкпір-түкпіріне таралған. Ежелгі Египетте де қарбыздар кең танылған, ал Еуропада ХІ ғасырлардан бері белгілі болса, Ресейде XVII ғасырдың ортасында ғана өсіріле бастады.

Өсімдіктің Қытайдағы мәртебесі өте жоғары. “Батыс қарбызы” деген атау бергендеріне қарағанда, Қытайлықтар оны еуропалықтардан әкелген. Күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында “қарбыз мерекесін” жоғары дәрежеде атап өтеді.

Талқылау