Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаражанбастағы су тұщыту зауыты 2021 жылдың 1 тоқсанында іске қосылады

Мұнайгаз саласының нарығында қызмет көрсетіп келе жатқан «Қаражанбасмұнай» АҚ су тұшыту зауытын 2021 жылдың 1 тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.

Компания жер қойнауындағы мұнайды игеру барысында алынған суды қайта өңдеу үшін көп сатылы тазалау және кері осмос негізінде минералсыздандыру технологияларын қолданылануды жоспарлап отыр. Тұщытылған судың көлемі тәулігіне 17 мың м3 дейін жететін болады.

Маңғыстау облысындағы ауыз су тапшылығын азайту үшін салынып жатқан жатқан зауыт құрылысының бүгінде 35 пайызы аяқталған. Кәсіпорынды іске қосу ауыз су жетіспеушілігін азайту үшін ғана емес, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның бірқатар технологиялық мәселесін шешуге де қауқарлы. Сондай-ақ, құрылыс аяқталғаннан кейін зауыт 50 адамды жұмыспен қамтамасыз ете алады. 

Сонымен қоса, «Қаражанбасмұнай» АҚ қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметінде де тың жобаларды  іске асырмақ. Мәселен, компания кенорындағы мұнаймен тарихи ластанған 350 гектар жердің 143 гектарын тазалап үлгерген. 

Компания қоршаған ортаны қорғау шараларына үстіміздегі жылы 479 миллион теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Компания экологиялық мәселелерге барынша жауапкершілікпен қарайтынын айтады.

«Қаражанбасмұнай» АҚ өткен жылы бұрыннан қалыптасқан тарихи қалдықтар мәселесін біржолата шешті. Компания уақытша сақтау полигонындағы бар-жоғы 180 мың тоннадан астам қалдықты кәдеге жаратыпты. Атап айтқанда, 2010 жылға дейін 104, тонна, 2010-2016 жылдары тағы 43,8 тонна қалдық жойылды. Ал 2019 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ полигонда қалған 36 мың тонна қалдықты толығымен кәдеге жаратқан болатын.

Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ

Талқылау