Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы екінші рет ана атанды

Мөлдір Жаңбырбай Дидар ӘмірәліФото: Спортшының жеке парақшасынан

Каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай екінші рет ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты жаңалықты спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Мөлдір Жаңбырбайдың жұбайы Дидар Әмірелі де каратэші, әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Жұлдызды отбасы 2020 жылы шаңырақ көтерген. Тұңғыштарының есімі – Медина.


Олимпиада жүлдегері Софья Берульцева халықаралық турнирде топ жарды


Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады


Мөлдір Жаңбырбай – каратэден Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Ол 2021 жылғы Азия чемпионатында топ жарып, екі жыл қатарынан жылдың үздік каратэшісі атанып, “Grand Winner” атағын жеңіп алған.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026 11:45