Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі Қаратау ауданында сенбіліктер ұдайы өткізіледі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаратау ауданына барған сапарында атқарылған жұмыстармен танысты.

қаратау

Аудан әкімі аумақтағы тазалық жұмыстары жөнінде баяндады.

Биыл ауданда көктем мезгілінде 9 рет сенбілік ұйымдастырылған екен. Сенбілікке 15 000-нан астам тұрғындар мен мекеме қызметкерлері қатысқан. 58 техника жұмылдырылып, 85 шақырым ирригациялық арықтар тазартылған.

Сонымен бірге, 10 мың түп ағаш көшеттері отырғызылып, 1190 текше метр күл-қоқыс қала сыртына шығарылды. Аталған жұмыстар аудан аумағында тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Дидар Халық
Сәрсенбі, 08 Қыркүйек, 2021 09:25
Талқылау