Қарапайым математикалық есеп желі қолданушыларын тығырыққа тіреді
@thomas_violence атты бүркеншік есіммен тіркелген австралиялық азамат қарапайым математикалық есептің басқа пайдаланушылар үшін елеулі қиындық туғызғанын байқады. Ол бұл туралы Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Мен Facebook қолданушыларының бұл есепке қате жауап бергенін сеніммен айта аламын», – дейді ол хабарламаға қызықты скриншоттар жүктеп.
Суреттерге қарағанда, адамдардың пікірлері айтарлықтай өзгеше. Кейбір пайдаланушылар 12 үшбұрыш деп есептесе, ал қалғандары тек төртеуін ғана көрген. Басқа біреу тіпті 25 фигураны анықтаған. Ал бір пайдаланушы болса австралиялық азаматты «Ken 7 деп айтты» деген жазба қалдырып, таңғалдырды.
Біраз уақыттан кейін күлкі үшін ең қызықты жауаптарды жариялаған @thomas_violence басқа пайдаланушылардан да үшбұрыш санына қатысты жорамалдарлы ала бастады.
«Мен осы ақпаратты не істейтінімді білмеймін», – дейді ол шағымданып.
Ақыр соңында, бір желі қолданушысы барлық геометриялық сандарды санап қана қоймай, дұрыс жауапты суреттеп берген.
Оқи отырыңыз:
Сарапшылар ең сенімді 10 автокөлікті атады
2018 жылдың соңында бүктелетін смартфондар сәнге айналмақ
Миллиардер ауылдастарына 258 вилла салып берді: Сараңдықтың кесірінен барлық үйлер бос тұр
Әлемдегі ең үлкен қолтырауын өзінің тұқымдасын өлтіріп, оның құйрығын жеп қойды