"Қарапайым халық өз үйін тонамайды": Әнші Бүркіт Алматы көшесінен видео жариялады
Әнші Бүркіт елде болған тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді. Алматы көшесінен видео жариялаған ол митингке шыққан қарапайым халықтың мұндайды жасамайтынын айтты. Сондай-ақ Бүркіт президенттің қатаң шара қолдану туралы шешімін қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Обал-ай! Біздің әсем қала Алматымыздың көшесі деп айту қиын, сену қиын. Митингке шыққан қарапайым халық мұндайды жасамайды. Қарапайым халық өзінің үйін тонамайды, қиратпайды", – деген Бүркіт мұны террористердің жасағанына сенімді екенін жеткізді.
Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатаң жаза қолдану туралы шешімін толықтай қолдайтынын айтты.
- Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы қайтыс болды
- Алматыда музей қызметкері "жауынгер рухтардың" көмегімен тонаушыларды райынан қайтарған: Оларға семсер мен найза керек болған
"Бұл сұмдық нәрсені тоқтату керек. Не мынау? Осылай істеуге бола ма? Бұл деген нағыз оңбағандық. Адамдарды өлтіріп, барлығын қиратып, жандырған", – деді Бүркіт.
Сондай-ақ кинопродюсер Нұртас Адамбайдың айтуынша, кейбір шетел азаматтары Қазақстанда белсенділер қудалауға ұшырап жатыр деп ойлаған. Продюсер оларды жаңылыспауға шақырды.
"Қазіргі уақытта террористерге және елді басып алуға тырысқан адамдарға қарсы күрес жүріп жатыр. Оған барлығы бастау алған Жаңаөзен дәлел. Билік адамдарды, олардың талаптарын естіді. Сондықтан да онда тәртіпсіздік болған жоқ. Адамдар бейбіт түрде тарады.
Ал Алматы мен басқа қалаларда қарақшылар ойран жасап, адам өлтірген. Күрес соларға қарсы жүріп жатыр. ҰҚШҰ күштерін жұмылдыру мәжбүрлі әрі қажетті әрекет болды. Құдайға шүкір, ол көмектесті. Қазір бізге бірігіп, елде заңды тәртіп орнатуға кедергі келтірмеу маңызды", – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Сондай-ақ ол ақпарат қабылдап, таратуда абай болуға шақырды.