Қарапайым азаматтарды ғарышқа алып шыққан SpaceX әуе кемесі жерге оралды
SpaceX әуе кемесі жерге оралды. АҚШ-тың SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі алғашқы азаматтық коммерциялық экипажымен үш күндік ұшуын аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әуе кемесі Флорида жағалауындағы Атлант мұхитына аман-есен қонды. Адамзат тарихындағы айтулы оқиғаның барысы Twitter парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
SpaceX ғарышкерлерді құттықтап, "Жерге оралуларыңызбен!" деп жазба жариялады.
Headed home! After three days on-orbit, Dragon and the #Inspiration4 crew will return to Earth today. Watch splash down at ~7:06 p.m. EDT → https://t.co/0n0k9FJ13d
— Inspiration4 (@inspiration4x) September 18, 2021
Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйекте SpaceX-тің Falcon 9 зымыран тасығышы Флоридадағы Канаверал ұшыру алаңынан ұшырылған болатын. Ол Crew Dragon әуе кемесін орбитаға алып шықты. Оның құрамында қарапайым азаматтар – ұшу демеушісі болған кәсіпкер Джаред Исаакман, зерттеуші Сиана Проктор, дәрігер Хейли Арсенокс және АҚШ әскери-әуе күштерінің ардагері Кристофер Семброски болды.
Inspiration 4 деген атау алған миссия қайырымдылыққа негізделіп, балалар қатерлі ісігіне маманданған St. Jude Children's Research Hospital ауруханасына қаражат жинауға бағытталды.