Карантиннің кесірінен тойы болмай қалған адамдар алдын-ала төлемді қалай қайтарып алады? Заңгер жауабы
Заңгер Алена Дуля тойға төленген алдын ала төлемді қалай қайтару болатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол "Диапазон" газеті оқырманының осы мәселе бойынша қойған сұрағына жауап берді.
"Менің туысым мейрамханадан ұлының үйлену тойы үшін берген алдын ала төлемді қайтара алмай жүр. Соңғы оқиғаларға байланысты олар салтанатты шарадан бас тартып, 100 мың теңгесін қайтарғысы келеді.
Алдын ала төлем наурыз айының басында жасалды, бірақ мейрамханада карантин жарияланғаннан кейін, оларға шілде айының соңына жоспарланған үйлену тойының күшін жою қажет емес, ол мерзімінде өтетінін айтты. Әпкем үнемі оларға хабарласып, мейрамханаға барып тұрды, олар әр жолы күту керектігін айтты. Енді мейрамханадан ақшасын алу мүмкін болмай қалды: барлық телефондар өшірулі, мейрамхана жабық", - деп жазды оқырман.
"Егер шағымдар тез арада шешілмесе және телефондар жауап бермесе, мекеменің заңды мекен-жайы бойынша жазбаша арыз жолдау керек. Заңды мекенжайды ашық көздерден білуге, сондай-ақ egov-дан ақпарат алуға болады. Егер дау сотқа дейін реттеу рәсімі аяқталғаннан кейін де шешілмесе, сотқа талап арызбен жүгініңіз. Өтінішке барлық дәлелдерді қоса беру керек, соның ішінде төлем және шағымға жауап берген қағаз керек", - деп кеңес берді заңгер.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
