Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Карантиннің кесірінен аштан қалдық": Мұсылман әйел тегін берілетін тамақ халал емес деп наразы

Аустралияның Мельбурн қаласында енгізілген карантинге байланысты үйінде қалып қойған мұсылман әйел оған жеткізілген тамақты жей алмағанын айтады. Сөзінше, ол тамақтың халал, халал еместігін білмегендіктен нәр тартпауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карантин

Бұл туралы Daily Mail басылымында жарияланды. 

"Ең бірінші күні бізге нан берілді. Мен мұсылман болғандықтан кез келген тамақты жей алмаймын. Мен оның халал екенін білмеймін ғой", - дейді ол. 

волонтер

Ол осыған ұқсас сынды жайттарды айтып, танымал TikTok желісіне видеолар жүктеуде. 

Айта кетейік, Солтүстік Мельбурн мен Флемингтонда бірнеше көпқабатты үйлер қатаң карантинге жабылыпты. Үш мыңнан астам пәтер тұрғындары тұтас коронавирусқа тест тапсырмайынша олардың барлығы оқшаулану режимін бұзуға болмайды. Карантин 14 күнге жарияланыпты. Десек те мемлекеттің премьер-министрі Даниэль Эндрюс бес күннен кейін шектеу шараларын аяқтауды ойлаған. 

"Менің ақшам бар. Бірақ бізге дүкенге барып, өзіміздің не жейтінімізді ала алмаймыз. Аустралияның мұсылмандарды қорғау орталығына қажетті азық-түлік келуде, алайда халал өнімдер бізге жетпей жатыр. Мен сіздерге жағдайдың қиын екенін осылай жеткізгім келді", - дейді TikTok қолданушысы. 

Талқылау