Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карантинге жабылған Алматыға кіруге тырысқандар бақылау-өткізу пунктінде видеоға түсіп қалды

Желіде "Алтын Орда" базарындағы бақылау-өткізу пунктінен видео пайда болды. Алматы облысының тұрғындары төтенше жағдай режимінің тоқтаған алғашқы күні қалаға кіруге үміттенуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме берді.

"Алтын Орда" базарының жанындағы бақылау-өткізу бекетінде таңертең аздаған адамдар болды. Қоғамдық тәртіпті бұзу болмады. Адамдарға қаланың периметрі бойынша 27 кедергілер бұрынғысынша жұмыс істеп жатыр деп айтылды. Карантинге жабылған Алматының шекаралары жабық. Қазір бақылау-өткізу пункттеріндегі жағдай тұрақты. Азаматтарды тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамыз", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб қала тұрғындарына карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды еске салды, сонымен қатар қаланың периметрі бойынша жол тосқауылдарының жұмысы бұрынғы қарқында жұмыс істейтінін атап өтті. 


Алматыда карантин ерекше өкім шыққанға дейін сақталады

STAN.KZ
Дүйсенбі, 11 Мамыр, 2020 09:22
Талқылау