Соңғы жаңалықтар

Карантинге жабылды: Қостанай облысындағы ауруханада бірден 15 қызметкер коронавирус жұқтырды

Жітіқара орталық аудандық ауруханасындағы екі бөлімге коронавирусты жұқтырған науқастар мен қызметкерлерге байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес ауруханада терапевтік және хирургиялық бөлімдер карантинге жабылды. Ол ОАА қызметкерлері мен пациенттер арасында коронавирус инфекциясы жағдайларының тіркелуіне байланысты 4-19 қараша аралығында екі аптаға созылады. Барлығы 18 адам жұқтырған, оның ішінде 15 қызметкер және 3 науқас.

"Санитария-эпидемиология және дезинфекция режимін күшейте отырып, бұрынғы режимде балалар консультациясы жұмыс істейді, шұғыл көмек көрсету үшін мамандарды қабылдау жүргізіледі (хирургиялық, гинекологиялық, терапиялық қабылдау), бұрынғы режимде сүзгі-кабинеттер жұмыс істейтін болады", - делінген қаулыда.

Рецепттер пациенттерге онлайн режимінде беріледі немесе үйге жеткізіледі. Карантин аяқталғаннан кейін бөлімшелерде қорытынды дезинфекция жүргізіледі. Аурухананың айналасында полиция жасақтары тәулік бойы күзет ұйымдастырады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр