Карантинге байланысты үйлене алмайтын жас жұбайларға қауіпсіздік комитеті жауап берді
Карантинге байланысты әртүрлі елдерде тұруға мәжбүр болған жас жұбайларға ҰҚК Шекара қызметі шекаралардың ашылуын күтуге кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК Шекара қызметі шекара бақылау бөлімі бастығының орынбасары Олег Фисенко карантинге байланысты әртүрлі елдерде тұрып, қарым-қатынастарын рәсімдей алмаған ерлі-зайыптылар қалай болу керек деген сұраққа жауап берді.
"Қарым-қатынастарын ресми тіркемеген ерлі-зайыптылар туралы айтар болсақ, қазір күту керек. Егер кетуге шешім қабылдасаңыздар да, ресейлік тарап сіздерді бұл санатқа жатқызуға рұқсат бермейді. Біз шекаралардың ашылуын күтуіміз керек», - деді ҰҚК Шекара қызметі шекара бақылау бөлімі бастығының орынбасары.
Сонымен қатар, ол отбасылары шетелде тұратындарға қатысты да тың ақпарат берді.
"Біздің азаматтардың отбасын біріктіруге кету мүмкіндігі туралы айтатын болсақ, мұндай мүмкіндік бар. Кәмелетке толмаған балалар ата-әжелеріне бара алады. Біздің қызмет бұған мүмкіндік береді", - деді Олег Фисенко.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
