Карантин уақытында жеке көлікпен жүруге мүлдем болмайды - Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов карантин кезінде жеке көліктерге толығымен тыйым салынғандығын ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біздің қалада қазір карантин. Ал бұл дегеніміз жеке көлікті пайдалануға тыйым салынған. Тек түрлі ұйымдар мен ведомстволардың карантин шараларына қатысты жұмыс көліктерінің жүруіне шектеу қойылмайды", - деді Ерлан Қожағапанов. 

Айтуынша, бірінші кезекте медициналық мекемелердің, құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызметтердің, азық-түлік тауарларын тасушы көліктеріне карантин уақытында арнайы рұқсатнамамен жүруге болады. 

Бұған қоса ол жақын жердегі супермаркетке көлікпен баруға болады ма деген сұраққа жауап беріп кетті. 

"Супермаркетке баруға болады. Егер өте қажет жағдай болса, бекетте тұрған адамдар робот емес. Олар да түсінеді, егер қажеттілігіне көз жеткізген жағдайда олар жібереді. Бұл енді тұтыну қажеттілігіне байланысты. Кейбір адамдар сусабынның кейбір түрлері, ет, кофе тағы басқа азық-түлікті алмай, 20-21 күн шыдап тұра тұрса да болады», - деді әкімнің бірінші орынбасары. Оның айтуынша, штаб өкілдері халықаралық тәжірибені ескеріп отыр. «Кейбір елдерде адамдарға тамақты әскерилер тасиды. Бір пакетте нан, су, 1 пакет шай бар. Ең басты шарт – инкубациялық кезеңді шыдап үйде өткізу», - дейді әкім орынбасары. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 423-ке жеткені айтылған болатын. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр