Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карантин коронавирусты тоқтатуға қауқарсыз - ДДСҰ

Коронавирусқа қарсы күрестің басты әдісі карантиндік шектеулер емес, сырқаттанғандардың байланысын қадағалау, анықтау және оқшаулау болып табылады. Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантин

Оның айтуынша, карантиндік шаралар инфекцияның берілуін баяулатуға көмектеседі, бірақ оны толық тоқтатпайды. Егер вирустың қайда екенін білмесе, бірде-бір ел covid-19 індетін бақылай алмайды, деп атап өтті ДДҰ басшысы.

"Контактілерді бақылау жұқтыру жағдайларын анықтау үшін, сондай-ақ контактілерді оқшаулау үшін маңызды. Бұл барлық елдерге қажет. Мобильді қосымшалар контактілерді қадағалауға көмектеседі, бірақ ештеңе жергілікті бақылауды алмастырмайды: арнайы қызметкерлер контактілерді тауып және тарату тізбегін бұзу үшін әр есікті қағып жүруі керек", - деді Гебрейесус.

Ол коронавирустың таралу жолдарын анықтау жекелеген жағдайлардың кластерлерге, ал кластерлер - қауымдастықтардың жаппай жұқтыруына жол бермейтінін түсіндірді.

"Контактілерді бақылау жалғыз құрал емес - ол кешенді пакеттің бір бөлігі болуы керек. Бірақ ең маңыздысы", - деді ДДҰ бас директоры.

Сондай-ақ, Тедрос Адхан Гебрейесус COVID-19-пен күресті Африкадағы эбола вирусына қарсы тұрумен салыстырды. ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде жұқтырғандардың жалпы саны 14 538 094 адамға жетіп, 607 358 адам қайтыс болды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 21 Шілде, 2020 20:41
Талқылау