Соңғы жаңалықтар

Карантин кезінде ер адам 100 килограмм салмақ қосып алды

26 жастағы қытайлық жігіт бес ай оқшауланған кезде 100 келіден астам салмақ қосып алып, Уханьдағы ең семіз адам атағына ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Джоу

Жігіттің өзі туралы көп нәрсе белгілі емес. Жергілікті ақпарат құралдары оны Джоу деп атайды. Пандемиядан бұрын ол қалыпты өмір сүрді: кафеде жұмыс істеді және салмағын бақылауға тырысты. Бірақ қалада карантин енгізілгенде бәрі өзгерді. Пәтерінде қалып қойған Джоу салмағын бақылай алмай қалды. Осылайша, оның салмағы бес айда 180-ден 280 килограмға дейін өсті.

Мұндай өзгерістер денсаулыққа да әсерін тигізбей қоймады. Жігіт дәрігерлерге қоңырау шалуға мәжбүр болды, өйткені көшеге шыға алмай қалған, тіпті ұйқысы бұзылған. Оны үйден жедел жәрдем көлігіне апару үшін бұтін бір ер адамдардан тұратын медициналық бригадасы қажет болды, бірақ мұнымен мәселе аяқталған жоқ.

Джоу ауруханаға келгенде, дәрігерлер КТ жасай алмады, өйткені науқас томографқа сыймады. Сонымен қатар, қытайлықтың қолында тіпті пульс сезілмеген. Бірақ қиындықтарға қарамастан, дәрігерлер бірнеше қауіпті симптомдарды анықтады: жүрек жеткіліксіздігі және тыныс алудың бұзылуы.

Мұндай жетістіктерге дәрігерлер науқасты алып келген соң он күннен кейін ғана қол жеткізді. Енді Джоуға қауіп төніп тұрған жоқ. Әрине, жүздеген келі артық салмақты есептемегенде. Бірақ, жігіт диета да ұстай алмайды. Оның семіздігі эндокриндік жүйенің бұзылуынан болған. Бірақ Джоуда болашақты жақсы денаулық үшін үміт бар. Дәрігерлер оның асқазанын аман алып қалуы үшін енді оған 50 келі арықтау керек.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр