Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карантин кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтанға қандай көліктердің кіруіне рұқсат

Карантин уақытында Алматы мен Нұр-Сұлтанға кімдер кіргізілетіні жайлы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасының "Ашық алаң" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Нұр Сұлтанға

Жүргізушінің "Алматы мен Нұр-Сұлтанға сырттан жұмысқа қатынайтындар жетерлік, олардың қалаға кіруіне шектеу қойылады ма" деген сұрағына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Азамат Рашитов жауап берді.

"Карантин кезінде қалаға азық-түлік транспорттары ғана кіріп шығатын болады. Басқа қалаларға қатынайтын автобустар да тоқтайды", - деді елордалық әкімдіктің өкілі. 

Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы жағдай жайлы пікір білдірген еді. 

Денсаулық сақтау органдары мен Қорғаныс министрлігі блокпосттар арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының периметрі бойынша көлік құралдарының кіруі мен шығуын және азаматтардың қозғалысын шектейді. Қалаға Нұр-Сұлтан мен Алматыда тиісті тіркеуде тұрған адамдар және қалалардың өмірлік қызметтерін қамтамасыз етуге қажет адамдар ғана кіреді. Тізімді әкімдіктер анықтайды», - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланатыны жайлы айтылған еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 17 Наурыз, 2020 20:28
Талқылау