Алматыда карантин қай кезде күшейтілетіні белгілі болды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада шектеу шаралары қандай жағдайда күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE тікелей эфирінде коронавирустың ықтимал жаңа толқынына жол бермеу үшін кәсіпкерлерге қатысты қатаңдату шаралары қабылдануы мүмкін екендігін жеткізді.

"Біз карантиндік шектеу шараларынан екі рет өттік. Көктемде төтенше жағдай жарияланды, жазда шектеу шараларын қолдандық. Егер үшінші рет оралуымыз керек болса, оған да дайынбыз. Біз барлық шараларды қандай жағдайда, қандай шектеу шаралары қайтарылатындығын алдын ала белгілеп қойдық", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, әкім бүгінде қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен енгізілген шаралар өз күшінде қалып, өзгермейтінін атап өтті.

"Біз мұны коронавирус жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу арқылы анықтаймыз. Біздің клиникаларға 250-ден астам науқас жатса, бірден шектеу шараларын қабылдаймыз. Вирустың бүкіл қалаға таралмауын қадағалаймыз. Міндетті түрде шектеу шараларын қолданамыз. Сонымен қатар, алматылықтар да вирустың алдын алуға өз көмектерін тигізуі керек",– деді Бақытжан Сағынтаев.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр