"Карантин болмауы мүмкін": Қазақстан бірінші және екінші карантин кезінде қандай қателіктер жіберді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн-брифинг барысында мемлекеттік жүйеге пандемиямен күресу қаншалықты қиын болғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біз алдыңғы екі карантин кезінде жасаған қателіктерімізді қайталамауымыз керек. Әрине толығымен дайындалу мүмкін емес. Кемшілік үнемі болады. Сондықтан біз алдағы уақытта да қателік жібермейміз деп айтуға болмайды. Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Сақтық шараларын ұстанатын болсақ, карантин болмауы мүмкін", - дейді Алексей Цой.
Сонымен қатар, министр осы уақытқа дейін коронавируспен күресте бірқатар қателіктер жіберілгені туралы айтты.
"Әр мемлекет қиындыққа тап болды. Осы қиындықтар аясында мемлекет вирусқа қарсы күресудің жаңа жолдарын үйренді. Тіпті емдеу жолдары да аяқ астынан өзгеріп кетіп жатты. Мемлекеттік органдардың пандемия жағдайына үйренісуі кезінде қателіктер болды. Қазір барлығына үйренісіп қалдық", - дейді денсаулық сақтау министрі.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
