Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақшыны қаймықпастан қолға түсірген павлодарлық таксист марапатталды

Такси шопыры Қуаныш Құлжикенов бейтаныс адамның мүлкін қорғаудағы ерлігі үшін марапатқа ие болды: ер адам үйді тонап қашып бара жатқан ұрлықшыны көріп, ұстаған.

1846496

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Үй иелерінің жоқтығын пайдаланған 28 жастағы ұрлықшы әшекей бұйымдарды, тұрмыстық техниканы, тондарды, ішімдік пен иіс суды тонаған. Ұрланған заттардың жалпы сомасы 4500000 теңге. Алайда заттарды тонап қашып бара жатқан ұрыны жолай өтіп бара жатқан такси шопыры қолға түсіріпті.

Павлодар облысы ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев Қуаныш Құлжикеновке алғыс хат пен ақшалай сыйлық ұсынды. Ер адамға ерлігі мен ұрыны ұстаудағы батылдығы үшін алғыс айтылды.

“Әйел адамның осындай жағдайға ұшырағанын көргенде, ойланбастан көмекке ұмтылдым. Менің орнымда кез келген адам осылай істер еді. Полиция ведомствосы мұны ескеріп, мерекеге орай ақшалай сыйлық беріп жатқанына ризамын”, — деді Қуаныш.

Оқи отырыңыз:

Американдық азамат қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жүйке ауытқуына ұшырады (видео)

Қазақстанда құрылысшылар жаңа үйге жұқалтыр қағаздан есік салған (видео)

Сапарбаевқа бие сүтінен жасалған шоколад сыйға тартылды

Алматы-Ташкент жүрдек пойызы бірінші рейске аттанды

Талқылау