Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Американдық азамат қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жүйке ауытқуына ұшырады (видео)

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі өзінің Facebook-тегі парақшасына қазақтың ұлттық ойындарын меңгеруге тырысқан американдықтың видеосын жүктеп қойды. Елшілік жас жігіттің ақыр соңында жүйке ауытқушылығына ұшырағанын хабарлады.

0464142a33c9deae0a93946b3a82ce08

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бен Тэйлор Наурыз мерекесінің құрметіне қазақтың ұлттық ойындарын үйренбекші болды. Шапан киіп, бауырсақ жеген американдық азамат ұлттық ойындарды да оп-оңай меңгеріп аламын деп ойлаған.

Американдықтың алғашқы ойнаған ойыны – арқантартыс болды. Алайда педагог жігіттің күші қазақтың алып жігіттерін тартып әкетуге жетпеді.

Одан кейін Бен қазақша күреске кірісті. Алғашқы жекпе-жегінде қазақтардан ойсырай жеңілген ол кейін асық ойнауға көшті. Дәл осы ұлттық ойын американдықтың түбегейлі есін шығарды. Асықтарды әрі-бері лақтырған американдық қазақтың ұлттық ойындарының еріккенге ермек бола алмайтынын түсінді.

Сапарбаевқа бие сүтінен жасалған шоколад сыйға тартылды

Талқылау