Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат елге танымал әннің мәтінін бұзып айтқаны үшін сыналды (видео)

Қарақат Әбілдина ел арасында кеңінен танымал ән мәтінін қате айтқаны үшін қатаң сынға ілікті.

abildina-230217-3

Facebook қолданушысы Нұртас Жұма Бек желіге Қарақаттың “Елге сәлем” әнін орындаған видеосын жүктеп, былай деп жазды:

“Сауатсыздықты жалпылаған жаяудан көрген бір басқа, ел алдында жүрген бүгінгінің аспандағы жұлдыздардан жарығын артығырақ көретін жұлдызсымақтарымыз не айтып, не қойғанын өздері аңдамай қала ма қайдам.?!

Төмендегі бейнероликтегі Алтынбек Қоразбаевтың: «Елге сәлем» әнін шырқап тұрған Қарақат Әбілдина салған жерден сандырақтап тұр.  Былай дейді:

«Інісі кімнің бар болса,
Етегі ерте түрілер…»

Не деген сорақылық (етегі ерте түрілген, етегі ерте көтерілген) деген сөзді қай жерде қай мағынада айтыларын, қолданылатынын білмегені ме сонда?!

Негізгі Әбдірахман Асылбеков ағамыз жазған дұрыс нұсқасы былай еді.

Армысың, балғын iнiлер,

Ағалап алдан жүгiрер.

Iнiсi кiмнiң бар болса,

Өнерi өрлеп, iрiлер.

Армысың, қарындастарым,

Ақ тамақ қарлығаштарым.

Сағынып келдiм сендердi,

Дарынды жалын жастарым”.

Бір қызығы, бұл әнді айтқан бірнеше орындаушы Қарақаттың қателігін қайталаған. Олар да танымал әншіден үлгі алса керек-ті.

Тек белгілі әнші әрі термеші Алма Аманжолова ән мәтінін бұзбай орындаған.

Жіберіп алмаңыз:

Анасының киімін киіп алған Қарақаттың ұлы желідегілерді күлкіге қарық қылды (видео)

Төреғалидің “хит” әндерін жазып берген ақын Қайрат Нұртасқа ән сыйлады

Баян Есентаева Instagram парақшасын жүргізетін адам іздеп жүр

“Тәртіпсіз қыздың” кейпіне енген Салтанат Бақаева сынның астында қалды (фото)

Талқылау