Қарақат Әбілдинаның анасы көз жұмды
Қарақат Әбілдинаның аяулы анасы Қаламқас ана өмірден озды.
Қаралы хабарды әншінің құрбысы Мәдина Сәдуақасова хабарлады.
"Бүгін жан құрбым Қарақаттың аяулы анасы, барлығымызды аялы алақанымен сипап, ақыл-қеңестерін айтып, батасын беріп отыратын Қаламқас апамыз дүниеден озды. Орны толмас қайғы. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта шалқысын, арты қайырлы болсын", - деп жазды Сәдуақасова.
Желі қолданушылары мен өнердегі достары көңіл айтып, қайырлы болсын десіп жатыр.
"Жаны жаннатта болсын. Иманды болсын", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.
"Апамыз иманды болсын. Ораза айында жаны жәнәтта болсын", "Иманды болсын жаны жəннəттің төрі болсын", "Иманды болсын! Артында қалған үрім бұтақтарына сабыр, денсаулық, амандық тілеймін", - деп жазды желідегі жазылушылар.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”