Қарақат Әбілдинаны туған күнімен ерекше құттықтаған ұлы көпті сүйсіндірді
Бекболат Болманов анасын туған күнінде қуантпақ болып, күтпеген тосын сый жасады. Қарақат Әбілдина ұлының ерекше құттықтаған сәтін әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шарларға анасының суреттерін іліп, бір құшақ гүлмен қарсы алған Бекболат анасына Мирас Жүгінісовтің “Мама” деген әнін арнады.
“Жүрегім, баға жетпес байлықтарым менің! Құлыншағым сол. Дауысыңнан айналайын”, – деп жазба қалдырды әнші.
Оқырмандары Қарақатты туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін арнады. Ал жұлдызды жұптың тұңғышы Бекболат өзінің бұл әрекетімен көпшілікті тәнті етті.
“Осындай әдемілікті қыздан бұрын анасына жасаған ұлдан айналдым”, “Қандай керемет құттықтау”, “Бақытты әйел, бақытты ана”, “Кез-келген ана армандайтын әсерлі сәт”, “Дауысы неткен әдемі”, “Балалардың құттықтағанына не жетсін?! Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын”, – деп жылы лебізін арнады желідегілер.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн