Қарақат Әбілдина: Зәбір көрген сәбидің ащы зарын естіп, көкірегім қарс айырылды (видео)
Қарақат Әбілдина Мьянмадағы мұсылмандардың қырылып қалуына қатысты пікір білдірді. Әншінің жазбасы желідегілердің жүрегін ауыртты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Алла көріп тұр, баланы өз балам, біреудің баласы деп бөлген емеспін.. Қайда жүрсем де жылаған баланың дауысын естісем жүрегім езіліп тұрады. Жәй ғана еркелеп жыласа да жаным ауырады.. Ал енді зәбір көрген, жалған дүниенің есігін аша салып асқан қатыгездіктің күәсі болып жатқан сәбилердің зары неткен ащы, көз жастары неткен ауыр… Айдаладан менің көкірегім қарс айрылғанда анау жауыздықты көрген әке-шешелерінің не жаны қалды құдайым-ау..?!
Кейбір жерде бұл ескі суреттер деген де пікір жазылыпты..Мен саясатты түсіне бермеймін, бұл кімдердің жасап отырғаны екенінде тіпті шаруам жоқ! Қашан болған жағдай болса да маған бәрібір! Мен бір ғана нәрсені анық білемін! Балалар саясаттың да, басқаның да құрбаны болмау керек! Сәбилер жыламау керек! Баласы бақытсыз елдің анасы бақытсыз! Анасы мен баласын зар жылатқан қоғам Алланың қаhарына ұшырамақ! Жердің бетінде адамды адам ететін жалғыз қасиет мейірім.. Мейірім жоғалса тіршілік құриды! Мейірімді болайықшы адамдар”, – деп жазды Қарақат.
Жіберіп алмаңыз:
Талай әншіні танымал еткен Баян Есентаеваның өзі қалай ән айтады? (видео)
Қайрат Нұртас әйелін жаңа әнінің бейнебаянына түсірді (видео)
Ғазизхан Шекербеков “Қайрат Нұртас арқылы танылды” деп сынағандарға жауап берді
Жаның жәннәтта болсын: Бейбіт Сейдуалиева марқұм анасымен қоштасты