Қарақат Әбілдина тыңдармандарына жұмбақ жасырып, сыйлық таратып жатыр
Қарақат Әбілдина желі қолданушыларына жұмбақ жасырып, жеңімпазға тосын сый ұсынатынын айтты.
Фото: instagram.com/karakat_a/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желіде белсенділік танытатын жұлдыздардың қатарында Қарақат Әбілдина да бар. Ол үнемі тыңдармандарымен жаңалықтарын бөлісіп отырады. Бұл жолы ол желі қолданушыларына жұмбақ жасырды. Жұмбақтың жауабын тапқан адамға арнайы тосын сыйының бар екенін де айтып өтті.
“Осы суретке мұқият қарасаңыз, бір ерекше детальды байқайсыз. Соны бірінші болып байқаған адамға сыйымыз бар”, – дейді Қарақат Әбілдина. Желі қолданушыларының бірі детальды іздеуге кіріссе, енді бірі шарттың түсініксіздеу екенін айтып жатыр.
“Қыдырәлі ағаның галстугі қисайып тұр”, “Қыдырәлі ағаның қолында бір шеті ғана көрінген сыйлық бар сияқты”, “Меніңше, бұл сурет Жаңа жылдың келіп қалғанын сездіріп тұр”, “Жейденің жеңінде жазу бар”, “Қыдырәлі ағамыз жасарып кеткен екен”, “Сіздің сақинаңыздың түсі ағамыздың костюміне сай” деп жазады желі қолданушылары.
Сыйлық атыраулық оқырманға бұйырды. “Маған жұмбақ жасырып, сыйлық таратқан ұнап қалды. Кешегі жазабама қатысты айтар болсам, көпшілік жеңіндегі жазуды дұрыс тапты. Бірақ жазуды дұрыс оқи алмады. Жұмбақтың шешімін ең бірінші болып атыраулық оқырман тауып, сыйлыққа ие болды. Құттықтай отырып тағы да жұмбақ жасырсам деген ниетім бар”, – деп жазады Қарақат Әбілдина.
Әнші бұл жолы суретте қай әнді орындап тұрғандарын табуды сұрады. Жұлдызды жұп Данияр Сағынтаевтың “Бағалау керек бақытты” деген әнін орындап тұр екен. Бұл жолы сыйлық Айдана есімді бойжеткенге бұйырды.
Жіберіп алмаңыз:
Қыдырәлі: Қарақат екеуіміздің 550 адамға арналған тойымызды әкесіне бола жасадым
Қарақат Әбілдина қыз-келіншектерді үнемі орамал тағып жүруге шақырды
Қарақат Әбілдина ұлдарын мешітке апарып, имандылыққа тәрбиелеп жүр
Қарақат Әбілдина: Мен маймыл емеспін, табиғи болмысым осындай