Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина бесінші сәбиін қашан дүниеге әкелетінін айтты

Әнші Қарақат Әбілдина өзінің бесінші перзентін қашан дүниеге әкелетінін айтып берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20170307144555

Қарақат елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы кітапханада жастармен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Әңгіме барысында Қарақат көпбалалы отбасы жайын сөз етіп, өзінің де жүкті екенін жасырмады.

«Менің анам 16 құрсақ көтерген. Көзіміз тіріміз аз қалдық. Дегенмен, көпбалалы отбасында ауылда өстім. Анам өте қарапайым жан, ер азаматының жағдайын жасап, үйдің берекесін келтіріп отырған. Анам өмір бойы қызмет істемесе де, ерінің қас қабағына қарап, бала-шағасын бағып-қақты. Әкем ел басқарған абыройлы азамат болды.

Алтын тойларына жетпей қалып, он жыл бұрын дүниеден озды. Қазір немересі мен шөбересінің санынан шатастық. Құдайға шүкір, бармыз», – деді Қарақат.

«Сол балалардың ішінде баласы көбі – менмін. Ағаларым мен апайларым бір, екі, үш баламен шектелді. Менен кейін бір сіңілім бар, оның төрт баласы бар.

Ал, менің қазір көктемде жақсы жаңалық күтіп отырған жағдайым бар. Жоғалтқанымды іздеп жүрмін, төрт ұлым барын білесіздер, сондықтан жақсы жаңалық күтіп отырмын, жақсы ниеттемін», – деп ағынан жарылды әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Болмановтар отбасы мерекеге орай аналарға ән арнады (видео)

Димаш: Бүгінгі қыз – ертеңгі Ана, ал әлемді тек сіздер ғана тербете аласыздар

Есентаева “Қазақ аруы” байқауына қатысушылардың суреттерін жариялады (фото)

Шоқан Маратұлының сүйіктісіне әзірлеген сыйы аруларды тәнті етті

Талқылау