Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық жүргізуші сапасыз жанармайдың кесірінен жолда қалып, үсіп қала жаздады

Қостанай облысында қарағандылық жүргізушінің көлігі аязға тоқтап қалып, 5 сағат бойы суық көліктің ішінде отырған. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жүргізуші Ресейден шығып Қарағандыдағы үйіне бара жатқан. Жолда көлігіне сапасыз жанармай құйғандықтан, даланың 32 гардус аязы мен қатты желіне шыдамаған.

Жолдан өткен ешбір көлік көмек бермеген. Жолда қалып қойған Николай Агаровқа тек поицейлер ғана жәрдемдескен.

5 қаңтарда сғат 12:00-де кезекшілікте болған Қостанай облыстық жол-патруль полициясының қызметкерлері полиция каапитааны Дидар Бейсенов пен аға сержант Арман Мұсаев жол бойындағы көлікті көріп қалып, қарағандылық жүргізуші Николай Агарковты аяздан құтқаарып қалды.

Тәртіп сақшылары мұзға қатып қалған көлікті жақын жердегі автокөлік жөндейтін жерге дейін жеткізуге көмектескен. Олар Николайдың үйіне аман жеткенін білу үшін жолда хабарласып отыраған.

Агаров жергілікті газет арқылы полицейлерге алғысын айтқан.

Тағы оқыңыз:

6 жасар бала ауру жарқанатпен ойнап, қайтыс болды

Сауд Арабиясында алғаш рет әйелдер автосалоны ашылды (фото)

Дәрігер: Трамп салауатты өмір салтын ұстанса, 200 жасқа дейін өмір сүреді

Ғалымдар мектеп бағдарламасынан «Қазақстан географиясы» пәнін таппай қалды

Талқылау