Қарағандылық тірі қуыршақ науқас фанатын құтқару үшін еркектермен бір түн өткізбекші
Фрик модель Карина Барби фанат қызын дертінен жазу үшін еркектермен төсек қатынасына баруға әзір.
27 жастағы актриса әрі модель Карина Барби 30 жастағы фанаты Мария Юнинаға осылайша көмектеспек. Мария 14 жасынан бастап ұмытшақтық дертімен ауырады. Жалғызбасты ана бір жасқа толмаған баласына бағып отыр. Марияның айтуынша, дерті күннен күнге асқынып келеді. Оның көзі көрмей, денесі қатып қалатын болған. Жас ана желі арқылы Барби тірі қуыршағына хабарласып, дертіне 1 жарым миллион рубль тауып беруін өтінген. Фрик-модель оның өтінішіне құлақ асып, өзін аукционға қойды, деп хабарлайды Life.ru.
Ол өзін 1,5 миллион рубльге аукционға қойып, төсекте қандай іске болса да дайын екенін айтты. Бұл ісін қайырымдылық ретінде екенін айтып өтті.
«Барлық еркектердің назарына! Мен құрбым әрі жанкүйерім Мария Юнинаға көмектескісі келетін кез келген ер адаммен бір түн өткізе алам. Оның ота жасатуына 1 жарым миллион рубль керек. Бұл кейбіреулер үшін түк емес», – дейді модель.
Жіберіп алмаңыз:
Норвегияда мұсылман ер адам ислам ережесімен жүруден бас тартқан қызын зорлады