Қарағандылық шенеунік өзіне 1 миллион теңгеден аса сыйақы тағайындап алған
Қарағанды облысы жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Саяш Ахметов өзіне 1 миллион 260 мың 224 теңге ақшалай сыйақыны тағайындау кезінде ұсталды. Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлады.
Шенеунік бұған дейін де ескерту алған, сондықтан өзіне сыйақы тағайындауға құқығы жоқ. Сондай-ақ, заң тәртіпке бағынбайтындарға сыйақы тағайындауға тыйым салған болатын.
«Тексеру кезінде, бөлім басшысы Саяш Ахметовтың тәртіптік жазадан босатылмағанына қарамастан, өзіне 1 260 224,47 теңге көлемінде сыйақы аударғаны анықталды. Дегенмен, үкімет қаулысымен бекітілген «Сыйақы ережелерінің» 4 тармағына сәйкес, егер қызметкер тәртіпке бағынбайтын болса, оларға сыйақы төленбейді », – дейді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілі Айдын Смағұлов этика кеңесінің отырысында.
Шенеунік өзіне сыйақы тағайындағанын мойындап, өкінетінін айтты. Ақшаның жартысын бюджетке қайтарды. Бірақ 750 224 теңге көлеміндегі негізгі қарыз төленбеді. Бөлім басшысы бұл соманы келісілген кестеге сәйкес бөліп төлейтін болады. Бірақ, атқамінер қарызын қанша бөліп төлесе де, тәртіптік жазадан қашып құтыла алмады. Этика жөніндегі кеңестің төрағасы, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы басшысы Жандос Сәрсеновтың айтуынша, бөлім басшысы өзінің материалдық мүддесін қанағаттандыруға байланысты «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды бұзған.
Кеңес мүшелері басшылыққа шенеуніктің осы әрекетін заңбұзушылық деп санайтындарын айтты. Сонымен қатар, өз қызметін толық атқармағанын ескерте отырып жауапкершілікке тартуларын сұрады.
Жіберіп алмаңыз:
ҚР СІМ Кабулда болған жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады
Бердібек Сапарбаев өткізген жиналыста шенеуніктер әкімнің көз алдында ұйықтап қалды (фото)
Бердібек Сапарбаев орамал мәселесін үш айда жоюға тапсырма берді
Қазақстандық әншінің Ресейдегі мейрамханасынан заңсыз казино табылды