Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚР СІМ Кабулда болған жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Кабулдағы дипломатиялық ауданда орын алған террористік əрекетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

“Қазақстан 2018 жылғы 28 қаңтарда Қабыл қаласындағы дипломатиялық орамында орын алған адамгершілікке жатпайтын, нәтижесінде ондаған бейбіт адамдар қаза болған, террористік әрекетті қатаң айыптайды.

Жедел жәрдем көлігін қылмыстық мақсатқа пайдалану – аса жан түршігерлік, арсыз және зұлымдық əрекет”, – деп жазылған мәлімдемеде.

Сондай-ақ, ҚР СІМ Ауғанстанға қолдау көрсетуге шақырып, қаза тапқандардың отбасы мен туысқандарына көңіл айтты.

“Қазақстан Ауғанстан халқы жеткілікті түрде зорлық-зомбылықты басынан кешкенін мәлімдей отырып, халықаралық қоғамдастықты өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мен алдын алу дипломатиясы құралдарын тиімді пайдалану арқылы осы елге қолдау көрсетуге тағы да шақырады.

Қайтыс болғандардың  қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз”, – деп мәлімдеді СІМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, сенбі күні Кабулде лаңкестер теракті жасап, 95 адам қаза болды. ҚР СІМ қазақ тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз:

Бердібек Сапарбаев өткізген жиналыста шенеуніктер әкімнің көз алдында ұйықтап қалды (фото)

Бердібек Сапарбаев орамал мәселесін үш айда жоюға тапсырма берді

KZ 001 GGG сериалы автокөлік нөмірі желі қолданушыларының қызу талқысына түсті

Намысымды таптады: Ер адам өзге ұлт өкілімен бірге отырған қазақ қызын жұлқылап, балағаттап тастады (видео)

Талқылау