Қарағандылық шенеунік мас күйде көлік айдап көзге түсті
Жезқазған қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары мас күйінде көлік жүргізген.
Бұл туралы “ОО-ОСА” хабарлайды.
Мас күйінде көлік жүргізген Асыл Әлсейітовті тәртіп сақшылары көктемде тоқтатқан. 25 шілдеде шенеунік тәртіптік кеңеске қатысты. Бұған дейін сот оны көлік жүргізу құқығынан айырған болатын. Айтпақшы, Әлсейітов сотта жұмыссыз екенін айтқан. Кеңес мүшелерінің сөзінше, ол осы сөзі арқылы жұмыс орынын жасырмақ болған.
“Сіз осындай жағдайдың өзінен шығуға талаптанып отырғаныңыздың өзі жағымсыз нәрсе. Сіз мемлекеттік қызметке қатысыңыздың бар екенін айқын түрде жасырдыңыз. Бұл саналы түрде жасалды. Бұл сіздің жағдайыңызды қиындатады”, – деді кеңес мүшесі Гүлнар Құрбанбаева.
“Тексеру кезінде Әлсейітов өзінің кінәсін мойындады. Тәртіпті “абайсызда” бұзғанын айтты”, – деді баяндаушы.
Тәртіптік кеңес мүшесінің шешімі бойынша, Асыл Әлсейітовке қатаң түрде сөгіс жарияланды.
Оқи отырыңыз:
Мысырда жоғалған қазақстандық студенттер табылды
Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан 5 науқастың жағдайын айтып берді
Мемлекеттік білім грантына ие болғандардың тізімі жарияланды
Құлағы кіші жігіттер “жүргіш” келеді: Келіншек қыздарға күйеуді қалай таңдау керектігін айтты