Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан 5 науқастың жағдайын айтып берді

Дәрігерлер 25 күні жол апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайын баяндады.

Анестезиология_C8A6781-Edit

“Жол апаты болған орынға жедел жәрдем қызметінің 4 бригадасы келіп жетті. Медициналық көмекке 5 зардап шегуші жүгінді. Олардың екеуі жас бала. Балалар төтенше медициналық балалар орталығына жіберілді”, – деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

4 жастағы бала нейрохирургия орталығына жіберілді. Оның жағдайы орташа қалыпты. 10 жастағы балаға тиісті көмек көсретілді. Оған  амбулаториялық ем алу керек.

Зардап шеккен 3 ересек адам №7 қалалық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайын жетекші мамандар тексеріп көрді.

52 жастағы науқастың жағдайы ауыр жансақтау бөлімінде жатыр. 29 жастағы науқастың жағдайы орташа деп бағаланды. Ол нейрохирургия бөлімінде. 53 жастағы науқастың да жағдайы орташа деп бағаланып, травмотология бөліміне ауыстырылды.

Оқыс оқиға бүгін, 25 шілде күні Алматы қаласы Жандосов және Береговой көшелері қиылысында болған. Көлікті әйел адам жүргізген.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігерлер педофил зорлаған 5 жасар қыздың жағдайы туралы айтты

Мемлекеттік білім грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

Қазақ әншісі 1 теңгені менсінбеген қазақ әйелін ұялтып тастады

Талқылау