Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық келіншектің суреті желі қолданушыларын ашуландырды

Сәбиімен Гитлер болып суретке түскен келіншек желі қолданушыларын ашуландырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Instagram желісіндегі skandal_krg парақшасында жарияланған суретке қарағанда, қарағандылық келіншектің жаңа жыл қарсаңында суретке түскені байқалады. Ол суретте қолына кішкентай баланы ұстап, шырша жанында тұр. Сонымен қатар келіншек Үшінші рейх кезінде енгізілген «ұлтшылдардың сәлемдесуін» келтіріп тұр.

«Бұл артық болды деп ойлаймын», «Бұл не тағы? Бұл жауыздың кесірінен менің атам көз жұмды. Ол тағы да осындай сұмдық орын алғанын қалай ма?», «Түрліше әзілдеуге болады. Бірақ бұлай әзілдеудің қажеті жоқ. Ақылды бол», «Дені дұрыс, тәрбиелі адамдар бұлай әзілдемейді», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетсек, көптеген желі қолданушысы келіншектің тарапына түрлі былапыт сөздер жазуда. Десе де оны қолдағандар да табылды.

Артынша суреттің авторы өз әрекетін түсіндірді. Ол бұл суреттің парақшасында бұған дейін жарияланған суреттер топтамасының бір бөлігі болып табылатынын айтты. Сондай-ақ, келіншектің сөзінше, Instagram әкімшілігі оның парақшасынан аталған суретті өшіріп тастапты.

«Бұл жай ғана әзіл. Оған аса мән берудің қажеті де жоқ. Суретке түстік те, ұмытып кеттік. Ал мында одан шу шығарып отыр. Әзіл әр түрлі болады. Оны барлығы бірдей түсінбесе қайтейін? Менің Гитлердің идеологиясын қолдайтыным, ұлтыш, соғыстың қайталанғанын қалайтын неміс екенім туралы жазылғандардың барлығы өтірік. Бұл сөздер мені қайран қалдырды. Инстаграммда осы бір ғана сурет емес, бірнеше сурет болды. Онда менің бауырларым кеңес сарбаздарының фашситермен соғысы жатқанын көрсеткен шағын қойылым жасады.  Ал кенжеміз – басшымыз, сондықтан осылай киіндірдік. Олар да, мен де өз кезінде фашистердің не істегенін білеміз. Сондықтан бір ғана суретке қарап, біздің сауатсыздығымыз туралы жазудың қажеті жоқ. Ал мені балағаттағандар өздерінің тәрбиелерінің деңгейін көрсетті. Мен ешкімге ештеңе түсіндіргім келмейді. Егер адам ақымақ болмаса, өзі-ақ түсінеді. Ал ұқпаса, түсіндірудің керегі жоқ», – деп жазды ол.

Оқи отырыңыз:

«Головкиннің әжесі»: Шебер жұдырықтасқан әжейдің видеосы желі қолданушыларын қайран қалдырды (видео)

Ендігі елорда шенеуніктері таксимен жүретін болады

Медсақтандыру 2020 жылға шегерілді: кімдер төлейді, қашан және қанша?

2017 жылы Қазақстан тарихына енетін 7 оқиға

2017 жылы Қазақстан шоу-бизнесіндегі елді шулатқан 7 оқиға

Талқылау